1 шілдеден бастап Ресейге кіру талаптары өзгереді: СІМ қазақстандықтарға ескерту жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

1 шілдеден бастап Ресейге кіру талаптары өзгереді: СІМ қазақстандықтарға ескерту жасады Фото:depositphotos.com

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Ресейге жұмыс істеуге немесе оқуға баратын қазақстандықтар үшін қосымша талаптар енгізіледі. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


2026 жылғы 1 шілдеден бастап Ресейге жұмыс істеуге немесе оқуға баратын қазақстандықтар үшін қосымша талаптар енгізіледі. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан СІМ-нің мәліметінше, 2026 жылғы 1 шілдеден бастап Ресейге жұмысқа немесе оқуға баратын Қазақстан азаматтарына ruID мобильді қосымшасын пайдалану қажет болады.

Белгіленген тәртіп бойынша шетел азаматтары қосымшада жеке профиль ашып, Ресейге кіру туралы электронды өтініш беруі тиіс.

Бұл рәсімді мемлекеттік шекарадан өту жоспарланған уақыттан кемінде 72 сағат бұрын жасау қажет.

Өтінішті қарау қорытындысы бойынша қосымшада елге кіру құқығын растайтын жеке QR-код қалыптастырылады.

"Бұл QR-код өтініш берілген сәттен бастап 90 күн бойы жарамды болады", - деп хабарлады СІМ.

Министрлік Қазақстан азаматтарына елге кірудің жаңа талаптарымен алдын ала танысып, Ресейге сапарын жоспарлау кезінде осы өзгерістерді ескеруді ұсынады.

Мән-жайы

Бұған дейін Ресей шетелдіктер, соның ішінде Қазақстан азаматтары үшін елге кірудің жаңа ережелерін кезең-кезеңімен енгізіп жатқанын жазған болатынбыз. 2025 жылғы 30 маусымнан бастап эксперимент аясында келушілер үшін төлқұжат мәліметтерін, фотосурет пен саусақ іздерін қамтитын цифрлық профиль қалыптастырыла бастады. Бұл ретте Қазақстан азаматтары үшін визасыз режим сақталғанымен, олар шекарадағы қосымша процедураларға дайын болуы тиіс еді.

Сондай-ақ ruID қосымшасы шетелдіктерге арналған жаңа цифрлық талаптардың бір бөлігі екені хабарланды. Ол арқылы Ресейге кірер алдында сапар туралы мәліметтерді алдын ала беріп, биометриялық сәйкестендіруден өтуге және цифрлық профиль құруға болады.

Қазақстан СІМ мен еліміздің Ресейдегі елшілігі қазақстандықтарға сапар алдында елге кіруге қатысты ықтимал шектеулердің бар-жоғын алдын ала тексеріп, ресми ақпарат көздерін бақылап отыруға кеңес берді.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 471.99   547.77   6.66 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер