1 шілдеге дейін - Президент барлық негізгі заңдарды дайындауға мерзім берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

1 шілдеге дейін - Президент барлық негізгі заңдарды дайындауға мерзім берді Ақорданың баспасөз қызметінің фотосы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституция 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енетінін еске салды, деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституция 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енетінін еске салды, деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Өздеріңізге мәлім, Қазақстанда 15 наурыз күні тарихи мәні зор референдум өтті. Азаматтардың басым бөлігінің қолдауымен мемлекетіміздің іргесін нығайтатын, елді барлық салада, соның ішінде ғылымда орнықты даму траекториясына шығаратын жаңа Конституция қабылданды.

Ата заңымыздың преамбуласында алғаш рет мәдениет, білім беру, ғылым және инновация құндылықтары нақты бағдар ретінде белгіленді. Яғни аталған салаларды жан-жақты қолдауға стратегиялық маңыз берілді. Ең бастысы, бұл бағыттарды дамыту мемлекеттің конституциялық міндетіне айналды", - деді Президент.

Орайлы сәтті пайдалана отырып, Конституцияны әзірлеуге және қабылдауға айтарлықтай үлес қосқан барша ғылыми-академиялық қауымдастыққа ризашылығымды білдіремін, деді Президент.

"Өтпелі ережелерге сай, жаңа Ата заң 2026 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді. Сол уақытқа дейін негізгі заңдардың барлығы Конституция нормаларына сәйкестендірілуге тиіс. Бұл бағытта Парламент ауқымды заң шығару жұмысына кірісті. Депутаттар заң жобаларын мұқият әрі жедел қарастырады деп сенемін".

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 473.13   558.43   6.15 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети