1 шілдеден бастап Астана автобустарында тегін Интернет пайда болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

1 шілдеден бастап Астана автобустарында тегін Интернет пайда болады @Tengrinews.kz

1 шілдеден бастап Астана автобустарында тегін интернет пайда болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

1 шілдеден бастап Астана автобустарында тегін интернет пайда болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астана әкімінің орындасары Нұрәлі Әлиев "Beeline Казахстан" компаниясының бас директоры Тарас Пархоменкомен кездесіп, 2015 жылы Астананың 100 автобусына тегін интернет орнату туралы келісімге келді.

Әкімдік хабарлағандай, 50 автобустың жолаушылары бұл қызметті 1 шілдеден бастап пайдалана алады. 1 қазаннан бастап тағы 50 автобус тегін Интернетке қосылады.

"Әлемде смартфондар мен планшеттерді қолданылу деңгейі өсіп келеді. Қала тұрғындарында жоғары жылдамдықтағы Интернетті қолдану мүмкіндігі туды. Осы жобаның артықшылығы - автобус жолаушылары қандай операторды қолданса да, Интернетке қиындықсыз қосыла алады", - деді Әлиев.

Айта кетейік, осы жылдың ақпанында тегін Интернет Алматы қаласының автобустары мен трамвайларында пайда болды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети