1 желтоқсанда жаңа жеке куәліктер беріле бастайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

1 желтоқсанда жаңа жеке куәліктер беріле бастайды ©Тұрар Қазанғапов

Осы жылдың 1 желтоқсанынан бастап жаңа жеке куәліктер беріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовқа сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Осы жылдың 1 желтоқсанынан бастап жаңа жеке куәліктер беріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовқа сілтеме жасап.

"Куәліктер бойынша. Құрметті депутаттар, сіздер біздің куәліктердегі фотосуреттердің күңгірттігі мен түссіздігі жөнінде ескерту жасадыңыздар. Біз бір жыл бойы бұл мәселе бойынша жұмыс істедік: жаңа жабдықтар қажет болса - сатып алдық, түзету қажет болған жерлерге өзгеріс енгізіп, жаңа жеке куәліктерді жасап шығардық. Ол осы жылдың 1 желтоқсанынан бастап берілетін болады. Бағасы өзгермейді. Түсті фотография болады, онымен қоймай, голографиялық фотосурет, яғни куәлік қорғанышының жоғарғы формасы болады", - деді Қасымов Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында.

"Жеке куәліктен еліміздің туы, елтаңбасы мен картасы лайықты орын алды. Біз куәліктің сыртқы көрінісін барлық мемлекеттік органмен бірге талқыладық, 1 желтоқсаннан бастап, азаматтарымыздың түрлі-түсті фотосуреті бар жаңа куәліктер берілетін болады", - деді Қасымов.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Иран әуе кеңістігін ашты

Валюта бағамы

 507.16  course up  594.97  course up  6.53  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети