10, 11 мамырда Алматы мен Астанада мерекеге орай қайда баруға болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

10, 11 мамырда Алматы мен Астанада мерекеге орай қайда баруға болады? Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Алматы мен Астанада 10, 11 мамырда Жеңіс күніне орай мерекелік іс-шаралар өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы мен Астанада 10, 11 мамырда Жеңіс күніне орай мерекелік іс-шаралар өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы бойынша

Жеңіс әндері 10 және 11 мамыр күндері де 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағында ашық аспан астында шырқала береді.

10 мамырда сағат 11:00-ден 15:00-ге дейін Даңқ ескерткішінің жанындағы сахнада "Сазген сазы" ансамблі ұлттық күйлермен, "Арқайым" этно-тобы, МузАрт Life ұжымы, "Жеті ғажайып" театры, Сұлушаш Нұрмағанбетова, Ғарифа Игісінова, Еркеш Хасенов, Қазыбек Әдікей, Ақылбек Жеменей, Өктем Алтаев, Дәлел Уәшев және Индира Елемес өнер көрсетеді.

11 мамырда сағат 12:00-де "Ешкім де ұмытылмайды, ешнәрсе де ұмытылмайды!" атты концертпен мерекелік бағдарлама жалғасады. Сахнаға халық аспаптар ансамблі "Сазген сазы", сондай-ақ, Саят Нұрғазин, Бауыржан Мусин және Жеңіс Ержанов шығады. Сағат 13:00-де "Асыл" тобы өнер көрсетеді, ал "Алматы әуендері" әртістері Талғат Күзембаев, Дәурен Байборы, Эрик Төленов, Тахмина Әшімбекова және Қазыбек Әдікей соңғы болып өнер көрсетеді.

Астана бойынша

10 мамырда сағат 17:00-де Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияда "Мамыр вальсі" мерекелік концерті өтеді.

10 мамырда сағат 18:00-де Ә.Мамбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрының сахнасында "Ар адамы Бауыржан" сахналанады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети