10-12 ақпан күндері қарлы боран соғады

ПОДЕЛИТЬСЯ

10-12 ақпан күндері қарлы боран соғады ©РИА Новости

Ақпанның 10-12-сі күндері солтүстікте қар жауып, боран соғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап. Синоптиктердің болжамы бойынша Қазақстан аумағында демалыс күндері байқалған жылымық Сібірге қарай жылжиды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақпанның 10-12-сі күндері солтүстікте қар жауып, боран соғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап. Синоптиктердің болжамы бойынша Қазақстан аумағында демалыс күндері байқалған жылымық Сібірге қарай жылжиды.

"Жылы күндердің орнына Ресейдің Еуропа аумағының солтүстік аймақтарынан суық атмосфералық фронттармен байланысты циклон ауысады. Соның әсерінен республиканың солтүстік бөлігінде қар жауып, боран соғады. Сонымен қатар, желдің жылдамдығы секундына 15-25 метрге дейін артады, ауа температурасы төмендейді", - делінген хабарламада.

Синоптиктердің мәліметінше, бұл күндері Қазақстанның оңтүстік және шығыс облыстары оңтүстік циклон ықпалында болады, сондықтан бұл өңірлерде дымқыл қар жауып, тұман түседі. Сонымен қатар, көктайғақ болуы ықтимал. Ал шығыста ауа температурасы төмендейді, қар жауып, боран соғады. Бірақ ауа райы көпжылдық нормадан жоғары болады деген болжам бар.

Еске сала кетейік, бұған дейін метеорологтер 7-9 ақпан аралығында күннің жыли түсетінін хабарлаған болатын. "7-9 ақпан күндері республиканың барлық аумағында күндіз жылымық болады, оңтүстікте ауа температурасы 2-10 градусқа дейін жоғарылайды. "Мұндай температура климат нормасынан 3-8 градусқа жоғары болады", - деп хабарлады "Қазгидромет" мамандары.  

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети