30 мамыр 2023 | 13:07

10 жылда елімізде АИТВ жұқтырғандар саны екі есеге артты - министр

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қазақстанда адамның иммун тапшылығы вирусы (АИТВ) инфекциясымен сырқаттанушылық екі есеге артқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қазақстанда адамның иммун тапшылығы вирусы (АИТВ) инфекциясымен сырқаттанушылық екі есеге артқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, соңғы 10 жылдың ішінде Қазақстанда адамның иммун тапшылығы вирусының (АИТВ) инфекциясымен сырқаттанушылық екі есеге артты. Атап айтқанда 2013 жылғы 11,5-тен 2022 жылы 20,3-ке дейін. Жұқтырылған иммун тапшылығының синдромынан (ЖИТС) болатын өлім-жітім көрсеткіші 1,7 есеге төмендеген.

"2022 жылдың аяғында елде АИТВ-мен ауыратын 30 558 адам болса, 2022 жылы шамамен 3877 жаңа жағдай тіркелді", - деді министр Үкімет отырысында.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная