10 күн қалды. Салық қызметкерлері алматылықтарға ескерту жасады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

10 күн қалды. Салық қызметкерлері алматылықтарға ескерту жасады Freepik

Алматыда салық борышкерлеріне 10 күн уақыт берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда салық борышкерлеріне 10 күн уақыт берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

1 қазанда жеке тұлғалардың 2022 жылға арналған мүлік салығын төлеу мерзімі аяқталды, деп хабарлайды Алматы қаласы Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі.

Салық төлеушілер - жеке үйлері, пәтерлері, саяжайлары, гараждары және басқа да ғимараттары бар тұлғалар.

Алматы қалалық Мемлекеттік кіріс департаментінің мәліметінше, екінші деңгейлі банктердің өтініштері мен коммуналдық төлемдер арқылы қарызды өтеу туралы бірнеше рет хабарлама жіберілгенімен, 16 123 жеке тұлға жалпы сомасы 604 миллион теңге салықты төлемеген.

"15 қарашадан кейін борышкерлерге қатысты материалдар сот орындаушыларына шара қолдану үшін жіберіледі, оның ішінде мүлкіне және банк шоттарына тыйым салу, елден тыс жерлерге шығуды шектеу, сонымен қатар сот орындаушылары қарыз сомасынан сот шығындарының 25 пайызға дейінгі соманы ұстап қалады", - делінген салық органының хабарламасында.

Айта кету керек, кешіктірілген әрбір күн үшін Ұлттық банк белгілеген қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесінің 1,25 еселенген мөлшерінде өсімпұл алынады.

Салық төлемеуге байланысты келеңсіз жағдайларды болдырмау үшін 15 қарашаға дейін қарызды өтеу қажет екені айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети