10 мамырда Қазақстандағы ауа райы қандай болады?

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

10 мамырда Қазақстандағы ауа райы қандай болады? Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қазгидромет мамандары 10 мамырда Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазгидромет мамандары 10 мамырда Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

10 мамырда Ақмола облысының солтүстігінде, батысында, шығысында найзағай болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман болады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с болады.

10 мамырда түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың шығысында найзағай болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстік-батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с. Орал қаласында 10 мамырда түнде найзағай болады.

10 мамырда түнде Атырау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.

10 мамырда түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында қатты жаңбыр болады. Күндіз облыстың батысында найзағай болады, облыстың солтүстігінде бұршақ болады. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с болады.

10 мамырда Солтүстік Қазақстан облысының күндіз батысында шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады. Түнде облыстың солтүстік-батысында топырақ бетінде 2 градус үсік болады.

10 мамырда Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында 10 мамырда төтенше өрт қаупі сақталады.

10 мамырда түнде Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, оңтүстігінде найзағай болады. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында 15-20 м/с.

10 мамырда күндіз Қостанай облысының орталығында, солтүстігінде қатты жаңбыр, найзағай болады. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында бұршақ. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік болады. Облыстың орталығында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіптілігі болады. Қостанай қаласында 10 мамырда күндіз найзағай болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети