10 мамырда Қазақстанның тағы үш облысында күн күркіреп, жел соғады

ПОДЕЛИТЬСЯ

10 мамырда Қазақстанның тағы үш облысында күн күркіреп, жел соғады Сурет: pixabay.com

10 мамырда Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай облыстарында ауа райы құбылмалы болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Казгидромет РМК орталығына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

10 мамырда Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай облыстарында ауа райы құбылмалы болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Казгидромет РМК орталығына сілтеме жасап. 

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Қостанай облысының кей жерлерінде күн күркірейді. Оңтүстік-шығыс желі оңтүстік-батыстан соғатын желге алмасын, екпіні секундына 9-14 метр болады.

Ақмола облысында күндіз күн күркірейді. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысып, кей жерлерде жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Айта кетейік, бүгін, 9 мамырда Атырау, Павлодар, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Ақмола және Түркістан облыстарында ескерту жарияланды. Мұнда желдің екпіні секундына 15-23 метрге жетеді. Маңғыстау облысында жаңбыр және найзағай болады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады

Валюта бағамы

 518.81  course up  609.28  course up  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети