10 қазақстандық Амстердамда Booking бас кеңсесіне жұмысқа орналасты

ПОДЕЛИТЬСЯ

10 қазақстандық Амстердамда Booking бас кеңсесіне жұмысқа орналасты Қазақстандықтар.

Тағы 10 қазақстандық әлемдегі ең үлкен Booking.com қонақүйлерді броьдау компаниянысына жұмысқа тұрды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Олардың жетеуі ҚР ең бірінші болып Booking компаниясында жұмыс істеген Әлібек Датбаевтың ұсынысымен жұмысқа кірген. Ал, қалған үшеуі өздері сұраным беріп, жұмысқа орналасқан. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тағы 10 қазақстандық әлемдегі ең үлкен Booking.com қонақүйлерді броьдау компаниянысына жұмысқа тұрды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Олардың жетеуі ҚР ең бірінші болып Booking компаниясында жұмыс істеген Әлібек Датбаевтың ұсынысымен жұмысқа кірген. Ал, қалған үшеуі өздері сұраным беріп, жұмысқа орналасқан. 

Мәди Сағымбеков бағдарламашы болып жұмыс істейді, бұрындары қазақстандық банктерде қызмет еткен. 


Сурет Facebook желісіндегі жеке парақшасынан.

"Бізде ішкі рекрутинг жүйесі бар, онда өз достарыңызды ұсына аласыз. Ұсынылған адамдар жұмысқа орналасу кезінде біраз жеңілдіктер жасайды", - деді Датбаев.

Ірі компанияға жұмысқа орналасқан екінші қазақстандық - Абзал Сереков, олда бағдарламашы. Ол Қызылордадан, Назарбаев университетін тәмамдаған. 

 
Сурет Facebook желісіндегі жеке парақшасынан.

"Booking компаниясында қазақстандық қыз жұмыс істейді. Оның есімі Бақыт Әбішева, ол iOS-құрастырушысы. Ол Канадада оқыған", - деді қазақстандық бағдарламашы. 

 
Сурет Facebook желісіндегі жеке парақшасынан. 

Booking.com компаниясына жаңадан жұмысқа орналасқан Джамшед Насриддинов та - қазақстандық.

Ал, бұл Дмитрий Киренкин, ол жұмысқа өзі сұраныс беріп орналасқан. 

"Тағы үш адам бар, олар шақырту алды, алайда әлі келген жоқ (...) екеуі қаңтарда келеді, ал біреуі наурызда келеді. Дмитрийден бөлек тағы екі адам өздері сұраныс беріп, жұмысқа орналасты. Біз мұнда бір отбасының балаларындаймыз, жиі кездесіп тұрамыз. Біздің жігіттер мен қыздар қабілетті, әлемнің басқа елдерінен келген мамандардан кем түспейді. Барлығының да әлемдегі ең ірі компанияларда жұмыс істеуге мүмкіндігі бар", - деп бөлісті Датбаев. 

Қазақстандық Әлібек Датбаев осы жылдың басында Booking.com компаниясына орналасқан. Датбаевты Нидерланды еліне IT маманы болуға шақырған. Ол осыған дейін АҚШ-та жұмыс істеген. Маманның жолын, тұратын жерін, тамағын төлеп берген. Сұхбаттасудың соңында Әлібек Датбаевты жұмысқа шақырған. 

Әлібек Датбаев Павлодар қаласының тумасы, ол Алматыда ҚБТУ-ды тәмамдаған. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 514.89  course up  600.31  course up  6.73  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети