"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 10 сәуірде республиканың бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 10 сәуірде республиканың бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Синоптиктердің мәліметінше кей өңірде найзағай ойнап, нөсер жаңбыр жауды, ал кей өңірде үсік болады.
Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, батысында тұман. Түнде облыстың солтүстік-батысында, солтүстігінде топырақ бетінде 3 градус үсік болады.
Маңғыстау облысында түнде найзағай ойнайды. Облыстың солтүстік-батысында тұман болады.
Қызылорда облысында да найзағай. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде күші 15-20 м/с-қа жетеді.
Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с. Түнде облыстың орталығында, таулы аудандарында 3 градус үсік болады.
Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында нөсер жаңбыр жауады. 9 сәуірде кешке таулы және тау бөктерлі аудандарда, 10 сәуірде тәулік бойы облыстың басым бөлігінде кей уақытта найзағай ойнайды, таулы және тау бөктерлі аудандарда бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, күндіз кей уақытта екпіні 23-28 м/с-қа жетеді.
Шымкентте күндіз нөсер жаңбыр жауады. 9 сәуірде кешке, 10 сәуірде тәулік бойы кей уақытта найзағай ойнап, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан екпіні 20 метр секундтан асатын жел тұрады.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында тұман. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, ал екпіні 23 м/с-қа жетеді. Ауа температурасы күндіз 9-14 градус жылы болады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!