10 сәуірге дейін жүргізуші куәлігін ауыстыру керек екені рас па? Полиция жауабы

ПОДЕЛИТЬСЯ

10 сәуірге дейін жүргізуші куәлігін ауыстыру керек екені рас па? Полиция жауабы Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде жүргізуші куәлігін ауыстыру туралы жалған ақпарат таралып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде жүргізуші куәлігін ауыстыру туралы жалған ақпарат таралып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Хабарламаларда жүргізушілер жарамдылық мерзімі алдағы үш жылда аяқталатын жүргізуші куәліктерін 10 сәуірге дейін міндетті түрде ауыстыруы қажет екені айтылған.

Алайда полиция бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. Құқық қорғау органдарының айтуынша, жүргізуші куәліктерін ауыстыру жоспарлы түрде жүргізіледі және қосымша шарттар мен қайта тапсыруды талап етпейді.

"Жүргізуші куәлігін ауыстыру тәртібіне ешқандай өзгерістер енгізілген жоқ. Азаматтардан фейк ақпараттарға сенбеуді және тек ресми дереккөздерден ақпарат алуды сұраймыз", – деп мәлімдеді полиция өкілдері.

Сондай-ақ, департамент әдейі жалған ақпарат тарату Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салды.

Полиция қырағылық танытуға шақырады және тек сенімді ақпарат көздеріне жүгінуге кеңес береді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети