21 мамыр 2014 20:09

100-ден астам турист Өскеменнен Түркияға ұша алмай жатқанына екі тәулік болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

Екі тәулік бойына 100-ге жуық турист Өскеменнен Түркияға ұша алмауда. Бұл туралы Tengrinews.kz  тілшісіне "Гүлнәр тур" туристтік агенттігі хабарлады.


Екі тәулік бойына 100-ге жуық турист Өскеменнен Түркияға ұша алмауда. Бұл туралы Tengrinews.kz  тілшісіне "Гүлнәр тур" туристтік агенттігі хабарлады.

Туристтік агенттіктің заңгері Ирина Самойлованың айтуынша, 108 адамның алған бағытына ұша алмай жатқанына екі тәулік болыпты. "Түрік билігі Jet Airlines қазақстандық әуе компаниясының ұшуына рұқсат бермегендіктен осындай кешіктіру болып жатыр. Бұл құжатқа қатысты мәселе. Заңнама өзгергендіктен, мұндай мәселе жиі бой көрсетуде" - деп түсіндіреді "Гүлнәр тур" агенттіндегілер.

Туристтік агенттіктегілер туристерге демалуға 10 күн ұсынатындығын, оның екеуін туркомпания төлейтіндігін жеткізді. "Қазір туристерге тұрғылықты орын мен тамақтануына мүмкіндік беріліп отыр. Бүгін туристерді таңғы төртте алып шығуды жоспарлап отырмыз. Біз кешірім сұраймыз, келесі рейс график бойынша ұшады деп сенім білдіреміз" дейді агенттіктегілер.

"Астана" телеранасының хабарлауынша, орын алған бұл жайт туристердің ашу-ызасын тудырған. "Барлығы Өскеменге рейс жоқ, бұрын болған емес, енді болмайды да деп айтып жатыр. Олар бізді алдады, өйткені олардың есіктерінің алдына отырып алып, үйлеріне жібермей қойдық. Олар телефон тұтқасынан тырқылдап күліп, Алматыдан біздің жайымызды мазақ етіп отыр. Біз демалысымызды алдын ала жоспарлап, жолдаманы 3 қаңтарда алып қойғанбыз, жарты жыл бойына олар біздің ақшамызды емін-еркін пайдаланды, ал енді бізді күлкі қылады" - дейді олар.

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети