ПОДЕЛИТЬСЯ
21 сәуір 2021 | 18:18
"100 пайыз келісім жоқ" - ДСМ қазақстандық вакцинаны Түркияда шығару туралы
Қазақстан Түркиямен QazVac коронавирусқа қарсы вакцина шығару мүмкіндігі туралы келіссөздерді жалғастырып жатыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті басшысы Нұрлыбек Асылбеков мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстан Түркиямен QazVac коронавирусқа қарсы вакцина шығару мүмкіндігі туралы келіссөздерді жалғастырып жатыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті басшысы Нұрлыбек Асылбеков мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Отандық вакцина өндірісін бастау биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтында (Жамбыл облысында - авт. ескерт.) жүргізіледі. Сәуірдің соңына дейін вакцинаның 50 мың дозасы жеткізіледі деген жоспар бар. Әрі қарай кесте және ғылыми-зерттеу институттарының қуаты бойынша.
Сонымен қатар, қазір Түркияда Atabay компаниясымен қосымша өндіріс қуатты бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, QazVac шығару мүмкіндігі туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Бұл процедура әлі аяқталған жоқ", - деді Асылбеков ОКҚ онлайн-брифингінде.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта Түркияда субстанциялардың берілуі және вакцина көлемінің технологиялық схемалары зерттеліп жатыр.
"Қазір 100 пайыз келісім жоқ. Бірақ мәселе пысықталып жатыр. Уәкілетті органнан көбірек ақпарат алу керек", - деді Асылбеков.
Бұған дейін премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцина "Қазақстанда өндіріледі, Түркияда құйылады" деп мәлімдеген болатын.
"Оларда вакцина жоқ, бірақ үлкен өндіріс орындары бар. Сондықтан бұл мәселе бойынша алдын ала келісімге қол қойдық. Сонымен қатар, біз халықаралық стандарттарға сәйкес келу үшін жабдықтың өзін монтаждауға келістік. Түркияда тек құйылады, ал өндіріс - біздікі", - деді Ералы Тоғжанов 9 сәуірде өткен брифингте.
Кейін Түркияда коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші және екінші фазалары сынақтан сәтті өткені белгілі болды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также