Коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцина Түркияда құйылады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Коронавирусқа қарсы QazVac вакцинасы Қазақстанда өндіріледі, бірақ Түркияда құйылады. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Коронавирусқа қарсы QazVac вакцинасы Қазақстанда өндіріледі, бірақ Түркияда құйылады. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"25-27 сәуірде Қазақстан QazVac вакцинасының алғашқы 50 мың дозасын алады. Қазақстандық алғашқы вакцина Ақтөбе облысы, Алматы, Шымкент және Нұр-Сұлтанға жеткізіледі. Мамырда тағы 50 мың доза шығару жоспарланып отыр. Кейін 100 мың дозадан өндіруге көшеміз", - деді Тоғжанов ОКҚ брифингінде.

Оның айтуынша, Қазақстанда вакцина өндіру қуатын айына 500 мың дозаға дейін арттыру мүмкін емес.

"Институт базасында (Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты. - ескерт.) вакцина өндіруге арналған субстанция дайындалады. Маусымнан бастап үлкен өндіріске шығу арқылы 500 мың доза шығара аламыз.

Түркиямен келісіміміз бар. Оларда вакцина жоқ, бірақ үлкен өндіріс орындары бар. Сондықтан бұл мәселе бойынша алдын ала келісімге қол қойдық. Сонымен қатар, біз халықаралық стандарттарға сәйкес келу үшін жабдықтың өзін монтаждауға келістік. Түркияда тек құйылады, ал өндіріс - біздікі", - деді Тоғжанов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Алматыда нөсер жауады
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 521.92  course up  603.08  course up  6.66  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer