23 қаңтар 2024 11:15

"100 пайыз мәлімдей аламын". Алматылықтар жойқын жер сілкінісіне дайын болуы керек пе?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының директоры Дәулет Сәрсенбаев алматылықтар жойқын жер сілкінісін күтуі керек пе, жоқ па, жауап берді - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының директоры Дәулет Сәрсенбаев алматылықтар жойқын жер сілкінісін күтуі керек пе, жоқ па, жауап берді - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сейсмикалық оқиғадан кейін Қырғызстанда да, Қытайда да 100-ден аса афтершок тіркедік. Қала тұрғындары мен қонақтары бестен көп емес дүмпулерді сезді, олар айтарлықтай сезілді. Бұл қанша уақытқа созылуы мүмкін? Былтырғы Түркия мен Сириядағы сейсмикалық оқиғаларды алайық. Афтершок әлі күнге дейін болып жатыр. Сирияның Кахраманмараш қаласында болып жатқан сейсмикалық оқиғаларды бәріңіз көріп отырсыздар. Бұдан күшті жер асты дүмпулерін күту керек пе? Мұнда мен 100 пайыз мәлімдей аламын, күшті, жойқын жер сілкінісі немесе афтершок болмайды, олар бәсеңдеп барады", - деді Сейсмология институтының директоры.

Оның айтуынша, тұрғындар қайтадан жер асты дүмпуін сезсе, жер сілкінісі кезінде өзін ұстау ережелерін білуі керек.

Еске салайық, 23 қаңтарға қараған түні алматылықтар қатты жер сілкінісін сезді. Арада 49 минуттай уақыт өткенде алматылықтар жаңа жер сілкінісін сезді. Бірақ ол әлсіз болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.58   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети