"100 жаңа есім" жобасының өтінім қабылдау уақыты аяқталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"100 жаңа есім" жобасының өтінім қабылдау уақыты аяқталды

"100 жаңа есім" жобасы адам капиталын дамыту және бәсекеге қабілеттілік идеяларын ілгерілету мақсатында "Рухани Жанғыру" бағдарламасы аясында жүзеге асырылады. 1-31 қазан аралығында 100janaesim.ruh.kz сайтына көптеген өтінім хаттар түсіп үлгерді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

Жобаның үшінші маусымы 39 жасқа дейінгі жас азаматтардың жетістіктеріне арналған. Спорт, ғылым, қоғам, мәдениет, бизнес, медицина салалары бойынша өтінім хаттар қабылданды.

Жобаға қатысушылар назарына, "100 жаңа есім" жобасының III маусымына өтінім қабылдау уақыты аяқталды. Соңғы өтінім хаттар 31 қазанның 00:00 уақытына дейін қабылданғанын айта кетелік. Қатысушыларға дауыс беру уақыты 5 қарашадан басталады.

Қоғамның кез келген саласын еркін бағындырып, толағай табыстарымен дараланған жастардың ел назарында болуы, өскелең ұрпаққа үлгі бола алуы басты міндет.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети