Жасы жүзден асса да, ши тоқып, құрт жаяды. Адалдық пен еңбекті ту еткен бесқарағайлық Қайникеш әженің ғибратты ғұмыры кімге де болса үлгі-өнеге. 11 құрсақ көтерген ардақты ана өткен ғасырдағы қазан төңкерісі, аштық және соғыс жылдары, саяси қуғын-сүргін сияқты тарихи оқиғаларға куә болған, - деп хабарлайды "Хабар 24".
Жасы жүзден асса да, ши тоқып, құрт жаяды. Адалдық пен еңбекті ту еткен бесқарағайлық Қайникеш әженің ғибратты ғұмыры кімге де болса үлгі-өнеге. 11 құрсақ көтерген ардақты ана өткен ғасырдағы қазан төңкерісі, аштық және соғыс жылдары, саяси қуғын-сүргін сияқты тарихи оқиғаларға куә болған, - деп хабарлайды "Хабар 24".
105-ке қадам басқан Қайникеш әженің құлағы жақсы естиді, көзәйнек кимейді екен. Жастайынан еңбекке араласқан ол отбасында мейірімді ана, шаруашылықта еңбекқор бола білді.
"Жұмысымызды жасадым, жұмыстан қалған жоқпын ешуақытта. Жаяу пар түйені жегіп, екі аяқ арбаға жұмысшыларға тамақ та тасыдым. Осы қызымның қолындамын, әлпештеп отыр былай. Ұлы бар жалғыз, бар тілегім сол, сол үйленіп, соның кішкентайын көрсем деймін. Наурыз мерекелерің қайырлы болсын! Алла Тағала қайырлы ғып, қуанышпен, ойын күлкімен өткізіңдер Наурызды! Мен секілді балалы-шағалы болыңдар!", - дейді 104 жастағы әжей Қайникеш Мұсабаева.
Ғасыр куәсінің өзі көп жасаудың кілті еңбек пен адалдық, адамдарға жақсылық ойлау деп ұғындырса, көршісі әрі 20 жас кіші болса да құрбысындай ойнап, күлетін Бақыт апай басқа да құпиялар барын айтты.
"Ертіс жағасында болып, жегенінің бәрі балық. Балық жеген кісі көп жасайды, қымыз ішкен кісі көп жасайды, мен өзім соны білемін. Бұл кісі әлі дәрі ішіп көрген жоқ. Жастар бала әкелуге қорғанады қазір, сонда да бізден денсаулықтары төмен.Ал мына ауылдың ертедегі апалары көп бала көтергендерінің бәрі 90-ға, 95-ке келіп қайтыс болып жатыр. 100-ден асқан кісі ана жерден ши әкелген қанша еңбек, сыпыртқы әкелу деген. Сыпыртқыдан қалғалы осы бір жыл болды ғой деймін. "Биыл жазда барайық сыпыртқыға? Барайық, жіп алып арқалап әкелеміз". - Ұялмай ел көрсін, жастар, иә?". Ешкімге ренжімедім, адамдарға тек жақсылық тіледім. Барынша кешірімді болыңдар, ағайынның арасында береке-бірлікті сақтаңдар", - дейді Қайникеш әжейдің көршісі Бақыт Исатаева.
"Ғасыр жасаған Қайникеш әже қартайдым деп үйде қарап отырған жоқ. Арасында аулаға шығып, шаруашылыққа көмектесіп тұрады. Ал оның еңбек жолы бүгінде ауыл тұрғындарына ғана емес, бүкіл аудан халқына өнеге дейді жерлестері. Бүгінде Бесқарағай ауданында 90-нан асқан 100-ден астам қария бар екен. Оның үшеуі - ғасыр куәсі. Олардың бәрі біздің асыл қазынамыз, баға жетпес байлығымыз деп есептейді жас ұрпақ", - дейді журналист.