13 желтоқсан 2015 | 21:40

11-12 миллионға әрең жеткен қазақты қырық руға бөлсек, быт-шыт боламыз - Назарбаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттің дамуы үшін халықтың бірлігі болуы керек екенін қадап айтты., - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттің дамуы үшін халықтың бірлігі болуы керек екенін қадап айтты., - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бейсен Құранбек Президенттен руының атын киіміне, көлігіне жазып алатындар жайлы не ойлайтынын сұрады. Елбасы тілшінің сұрағына қайтара сұрақ қойды: "Сен өзің қалай ойлайсың, айтшы, кәне? Өзіңнің ойыңды айтшы маған", - деді Назарбаев. Оған тілші "Мен былай ойлаймын. Қазақ руға бөлінбейді, қазақ рудан құралады. Яғни ол бізді құрастыруға қызмет етеді", - деп жауап қатты сол кезде тілші. Осы сәтте Президент "Иә" деп, оның ойына қосылды. Сонымен қатар, Бейсен Құранбек "Әлгіндей қисық әрекеттер қоғамдағы қисық айна тәрізді", - деді. 

"Мен мұны жақтамаймын, - деп қолдау білдірді тілшінің сұрағына елбасы. - Біз ат төбеліндей қазақпыз, біз 80 миллион емеспіз, түрік сияқты, 140 миллион емеспіз орыстар сияқты, миллиард та емеспіз, еуропаның көп елінен азбыз. Егер 11-12 миллионға әрең жеткен қазақты қырық руға бөлетін болсақ быт-шыт боламыз. Ресейдің тарихында, архивінде қазақты қалай жаулап алғаны, жатыр бәрі. Көп тарихшылар біледі, қазақты руға бөліп-жарып жеңген болатын. Қазақ біріккенде Аңырақайда ең қауіпті жауына соққы берген. Неге жеңді? Біріккенде жеңді. Басы біріккенде. Ол жерде "сен қай жақтансың" деп айтқан жоқ. Абылайханның жан-жағында әр жақтың батырлары болды. Егер біз мұндай науқасқа ілінетін болсақ, анау қазіргі Ливияға ұқсап быт-шыт болып кетеміз. Тайпа дейді, "племена" деп жатыр ғой. "Племена" деген біздің ру болып кетсе не болады сонда, не боламыз? Быт-шыт болып, кім болса соның аузында кетеміз, қайтадан бодан боламыз. Ел болайық десек, бірігу керек", - деді Назарбаев.

Сонымен қатар, Назарбаев мысалға Вьетнам елін келтірді. "Кезінде вьетнамдарды алпауыт құрама штаттары ала алмады қанша соғысса да. Бірлігі мықты, содан кейін рухы күшті ел. Біз ел боламыз десек, келер ұрпақтың жолын ашамыз десек, мұндай науқастан айырылғымыз келсе, әсіресе зиялы қауым өкілдері қолға алуы керек", - деді елбасы. 

Жауабының соңында ҚР Президенті қазақ жастарына кеңесін айтты. Айтуынша, ең нағыз жолдасың, сүйенетін досың, ағайының - еңбекті бірге істеп, қайнасып, қиыншылық пен қуанышты бірге көретін жаныңдағы қызметкер досың болып шығады. "Кім болса - ол болсын. Негізі жоқ болса, ондай адамдардан аулақ болу керек. Мен ағайын-туғаннан алыс жүр деп айтпаймын, қазақ болғаннан кейін жеті атамызды білеміз, ағайын-туғанымызды білеміз, оларды сыйлаймыз, шүйіркелесеміз, той-томалақта да кездесеміз, туысқандарымыз ана дүниеге кеткенде де кездесеміз, шілдеханада да кездесеміз. Бұл бойымызға сіңген жақсы қасиет. Бірақ одан ары бармау керек. Абайдың "Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесің істің бәрі бос", - деген сөзі бар. Мен ылғи айтып жүремін. Әр жерде, әр ауылда осы сөзді жазып қою керек. Біз шылбыр-тізгінді қолымызға алған халықпыз, өліп-өшіп осыған жеттік. Тарихымызда ешуақытта мұндай заман болған жоқ. Қазақ өзін-өзі игеріп, мынадай көлемде, мынадай шекарада тұрған жоқ. (...) Менің айтатыным, бізді сырттан алатын жау жоқ. Бірлігіміз болса қазақ ешкімге бой бермейді. Біз сондай өр өскен халықпыз, намысты халықпыз, қолдан бермейтін, "арым жанымның садағасы" деген халықпыз. Сондықтан ата-бабамыздың қалдырған салт-дәстүрі мен аманатты сақтау үшін біз бір болуымыз керек", - дей келе елбасы қызмет алу үшін конкурстан өту керек екенін, білімді көрсету керек екенін, жоғарылау үшін барлық сатыдан өту керек екенін айтып, кеңес берді. "Меритократия деген, мысалы, аудан әкімі болу үшін бірінші ауыл әкімі болып алу керек. Облыс әкіміне жақындау үшін қала мен аудан әкімі болу керек. Ешкім ағайын-туғанмен жүре алмайды. Мысалы Назарбаев университетін басқарып отырған жапон ғалымын айтайық, оның "блат-сват" дегені жоқ. Онда 10 мың бала тапсырады, он мыңның 500-і ғана білімімен түсе алады. Осындай болатын болсақ, біліміміз өркендейді. Нағыз білімді, қолынан жұмыс келетін адамдар билікке келеді. Бізге сол керек", - деп аяқтады жауабын елбасы.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети