11 сәуір 2020 | 10:52

11 сәуірде коронавирус анықталған науқастардың жағдайы қандай?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурте: Тұрар Қазанғапов Сурте: Тұрар Қазанғапов

11 сәуірде коронавирус анықталған адамдар туралы мәлімет айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

11 сәуірде коронавирус анықталған адамдар туралы мәлімет айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін Алматы қаласында 5 адам анықталды.

"Барлық жағдай мұның алдында ауырғандармен байланыста болғандар. Оның ішінде екі әйел және үш ер адам бар. Екі ер адамның жағдайы ауыр деп бағаланады, полисегментальды пневмонияға байланысты. Қалғанының бәрі қанағаттанарлық", - делінген хабарламада.

Қызылорда облысында - 11 адам.

"Ауру жұқтырғандардың 8 жағдайы Сырдария ауданында, 2 жағдайы Арал ауданында және 1 дерек Қазалы ауданында тіркелді. 10 науқас коронавирус инфекциясын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болған, ал Қазалыдағы бір адам Нұр-Сұлтан қаласынан келген", - делінген хабарламада.

Атырау облысы - 11 адам.

"Бұрын науқастармен байланысқа түскен барлық жаңадан тіркелген адамдар карантиндік оқшаулауда болған", - делінген хабарламада.

Олар бекітілген емдеу хаттамасына сәйкес тиісті ем алып жатыр.

Науқастармен байланыста болған адамдар анықталып, медициналық бақылауға алынды.

Еске салайық, Қазақстан бойынша барлығы 840 жағдай тіркелді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети