09 қаңтар 2020 | 09:44

"1.1.20 деп толтырмаңыз". Заңгер биыл құжат рәсімдеуде сақ болуға шақырды

Көрнекі сурет © pixabay.com Көрнекі сурет © pixabay.com

Жылдарды қысқартып жазу әдеті 2020 жылы қазақстандықтар үшін мәселе тудыруы мүмкін: алаяқтар "20" санына басқа цифрлар қосып 01.01.20 күнін 021.01.2019 не 01.01.2021 датасына өзгертіп жіберуі мүмкін. Заңгер Максим Мостович Tengrinews.kz тілшісіне мұндай әрекеттер неге әкеп соғуы мүмкін екенін түсіндірді. 


Иконка комментария блок соц сети

Жылдарды қысқартып жазу әдеті 2020 жылы қазақстандықтар үшін мәселе тудыруы мүмкін: алаяқтар "20" санына басқа цифрлар қосып 01.01.20 күнін 021.01.2019 не 01.01.2021 датасына өзгертіп жіберуі мүмкін. Заңгер Максим Мостович Tengrinews.kz тілшісіне мұндай әрекеттер неге әкеп соғуы мүмкін екенін түсіндірді. 

Заңгердің сөзінше, кез келген қолжазба құжатын: түбіртек, арыз, шағым және есеп журналдарын жасап алуға болады. Алаяқтар құжаттарға басқа цифрлар қосып, өзіне ыңғайлы уақытқа ауыстырып алуы мүмкін. Кей жағдайларда мұндай өзгертулер мәселен сот қаралымдарында адам тағдырына әсер етеді. 

"Егер сіз құжаттың әлдебір мәліметтер өзгергенін аңғарсаңыз, құжаттың түпнұсқалығын немесе жалған екенін анықтау үшін сот сараптамасын жүргізу туралы өтініш беруіңіз керек. Алаяқтар сіздің құжаттарыңызға өзгерісті сот процесінен тыс жасаған болса, онда бірден полицияға қылмыстық іс қозғауға шағым түсіру керек. Сотқа дейінгі тергеу процесі аясында құқық қорғау өкілдері сараптама жүргізеді. Сөйтіп сот арқылы құжаттың жалған екенін дәлелдей аласыз", - дейді заңгер. 

Маманның айтуынша, құжатта күнді толық жазып, оны бір оқып шығу керек. Бұл тек 2020 жылға қатысты емес. Мәселен, "1 қаңтар 2020 жыл (бірінші қаңтар, екі мың жиырмасыншы жыл)".

Максим Мостовичтің сөзінше, жалған құжат жасаған алаяқтарға көп мөлшерде айыппұл салынады - 5 миллион теңгеге жуық. Ал ауырлататын мән-жайлар кезінде екі жылдан бастап бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Маман көп жағдайда мәселе тек жалған құжат жасалуынан емес, сонымен қатар, келісімдерді түсінбеушіліктен сондай-ақ контрагенттің қате бағалануынан туындайтынын айтты.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети