117 мың қазақстандық иттің шабуылынан зардап шекті

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© WomanAdvice © WomanAdvice

Мәжіліс депутаты премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтан иттердің шабуылынан адамдарды қорғау үшін шара қолдануды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Мәжіліс депутаты премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтан иттердің шабуылынан адамдарды қорғау үшін шара қолдануды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бірнеше питбультерьер балаға шабуыл жасап, талап өлтірді. Бұл кездейсоқ жағдай емес. Соңғы үш жылда елімізде иттердің шабуылынан 177 мың адам зардап шеккен. Ал соңғы алты айда 29 878 адам иттердің шабуылынан зардап шегіп, медициналық мекеменің көмегіне жүгінген. Елімізде күн сайын иттердің шабуылынан 160 адам зардап шегеді екен. Бұл тек ресми тіркелген жағдайлар. Атқарушы органдар осы мәселені шешу үшін қашан нақты шешімдер жасайды?", - деді депутат Әбдіманап Бектұрғанов. 

Оның айтуынша, қала мен ауылдың көшелерінде қаңғыбас иттер қаптаған. Олар бірнеше болып жүреді, ал ең қауіптісі олардан инфекциялық аурулар жұғуы мүмкін екен. 

"Бір топ иттің жүруіне байланысты балалар сабаққа бара алмаған кездер болған. Үйінде ит ұстайтын адамдар төбетті серуендету ережесін сақтамайды. Ешкім де бақыламайды. Керек болмай қалған кезде сыртқа қуып жібереді. Олардың иесі жауапқа тартылмайды", - дейді депутат. 

Оның айтуынша, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдерде үй жануарын көшеге жібергені үшін 25 мың еуро айыппұл салынады екен, ал кей жағдайда осы қылмыс үшін бір жылға бас бостандығынан айырыады. 

"Бүгінде ит пен мысықтарға баспана салу мәселесі әзірше шешілген жоқ. Елімізде тек еріктілердің салған баспаналары бар. Жергілікті мәслихат бекітетін ит пен мысықтың серуендеу орындары әр жерде әрқалай. Адамдардың қауіпсіздігі үшін қажетті мемлекеттік органдарға тапсырма беруіңізді сұраймын", - деді депутат премьер-министрге. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 517  course down  587.02  course down  6.32  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro