12 жастағы Қасым-Жомарт Тоқаев тұратын ауылда ұялы байланыс пен интернет жоқ

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

12 жастағы Қасым-Жомарт Тоқаев тұратын ауылда ұялы байланыс пен интернет жоқ © astanatv.kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен аттас 12 жастағы бала тұратын Қостанай облысы Үштоғай ауылында әлі күнге дейін ұялы байланыс пен интернет жоқ, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен аттас 12 жастағы бала тұратын Қостанай облысы Үштоғай ауылында әлі күнге дейін ұялы байланыс пен интернет жоқ, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

12 жастағы Қасым-Жомарт Тоқаев Үштоғай ауылындағы мектепте оқиды. Баланың атын тәтесі таңдаған. Оқушы өзінің есімі ел Президентімен бірдей екеніне мақтанады.

"Менің арманым - Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесу. Кездессем, міндетті түрде біздің ауылға ұялы байланыс пен интернет жүргізуін сұраймын", - дейді бала.

Үштоғай мектебінде 50-ден аса оқушы бар. Мұнда интернет қолжетімсіз. Мұғалімдер ұялы байланыс пен интернет болса, балаларды оқыту ісі мүлдем басқа деңгейде өтетініне сенімді. Әзірге мектеп оқушылары да, мұғалімдер де заманауи қосымшалар мен жетістіктерге қол жеткізе алмай отыр.

"Бұл мәселені шешу үшін байланыс жүйелерін жүргізумен айналысатын құзыретті органдарға жүгіндік. Жыл аяғына дейін нәтиже болады деп үміттенеміз", - деді Амангелді ауданының әкімі Талғат Қарбозов.

Аудан билігі ұялы байланыс мәселесі алдағы үш-төрт айда толығымен шешілетініне уәде берді. Үштоғай және Степняк ауылдарында мұнараны күзге қарай орнатуға уәде беріп отыр. Қалған елді мекендерде ұялы байланыс пен интернет келесі жылы қолжетімді болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети