12 мыңнан астам сәби Мемлекеттік әнұранды бір мезгілде орындайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

12 мыңнан астам сәби Мемлекеттік әнұранды бір мезгілде орындайды ©Марат Әбілов

Конституция күні қарсаңында Қызылордада Қазақстанның Мемлекеттік әнұранын 1200-ден астам балақай бір мезгілде орындайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ішкі саясат бөлімінің жетекшісі Балдырған Мәменге сілтеме жасап. ҚР Конституциясы күні 30 тамызда мерекеленеді.

Балалар әнұранды 29 тамыз күні бір мезгілде орындамақ. Ерекше акцияға 124 балабақша мен мектепке дейінгі білім беретін шағын орталықтың тәрбиеленушілері қатысады. 30 тамыз күні қалада қоғамдық көлік кассирлері мен жүргізушілері өз жұмысын Мемлекеттік әнұранды айтумен бастағалы отыр. № 5, 6, 11, 12, 14, 17, 18, 19, 22, 24 қалалық бағыттағы автобустар бұл күні әдеттегідей 22.00-ге дейін емес, 23.00-ге дейін жұмыс істейтін болады.

"Қызылорда әкімдігінің ұсынысы бойынша кәсіпкерлер Конституция күніне арнап, тағы бір тарту әзірлеп отыр - қаланың "Мирас", "Жайна", "Айтбек", "Асбол", "Ағжан" сияқты ірі базарлары мен "Анвар", "Магнат", "Рамазан" сияқты сауда орталықтары қызылордалықтарға өз өнімдерін 10-15 пайыздық жеңілдікпен ұсынбақ", - дейді Мәмен.

Мереке күні Қызылордада ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі де өтеді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети