14 тамыз 2019 | 18:02

"120 мың теңгеден беріп жатыр". Талдықорғанда көпбалалы анашар шу шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© facebook.com/zhukel.galymurat © facebook.com/zhukel.galymurat

Бүгін Талдықорғанда "жаңа оқу жылында әр баланы киіндіруге әкімдік 120 мың теңгеден беріп жатыр" дегенді естіген 30-ға жуық әйел Nur Otan-ға барып, ақша талап еткен. Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметшісі Ғалымұрат Жүкел Facebook желісіндегі парақшасында жазды.


Иконка комментария блок соц сети

Бүгін Талдықорғанда "жаңа оқу жылында әр баланы киіндіруге әкімдік 120 мың теңгеден беріп жатыр" дегенді естіген 30-ға жуық әйел Nur Otan-ға барып, ақша талап еткен. Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметшісі Ғалымұрат Жүкел Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

Желідегі "Талдыкорганец" деген топта бірнеше әйелдің Nur Otan өкілдеріне наразылығын білдіріп жатқаны көрсетілген видео жарияланды.

Сол видеодан соң Ғалымұрат Жүкел мән-жайды білу үшін оқиға орнына барған.

"Түске жуық "Талдыкорганец" парақшасындағы жазбаға назар аударып, "шу" болып жатқан жерге жетіп бардым. Барсам, даудың басы - Дайырбайдың көк сиыры. Көпбалалы аналар "әкімдік әр баланы киіндіруге 120 мың теңге беріп жатыр" деген қауесетке сеніп, сол қаржыны талап етті", - деп жазды Жүкел.

Айтуынша, ол арасындағы әйелдердің бірінен бұл қауесеттің қайдан шыққанын сұраған. Бұған ол "Бір арнадан жаңалықтар көрсетті, әкімдік 120 мың теңгеден әр балаға беріп жатыр екен" деп жауап берген.

Ғалымұрат Жүкелдің сөзінше, көпбалалы аналар бұл ақпараттың қайдан шыққанын көрсете алмаған. Ал кейін бұл ақпараттың жалған екені белгілі болған.

"Аналардың бар уайымы - жаңа оқу жылы. Оларды киіндіру, дайындау. Біз өз тарапымыздан "Мектепке жол" акциясы аясында осы уақытқа дейін 2863 баланы сабаққа дайындағанымызды айттық. Акция әлі де жалғасады, көмек көрсетіледі", - деді Ғалымұрат Жүкел.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети