11 наурыз 2014 | 11:34

121 миллиард зейнетақы мен жалақыны көтеруге жұмсалады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото dknews.kz сайтынан Фото dknews.kz сайтынан

Үкіметтің бүгінгі отырысында республикалық бюджеттің нақтыланған нұсқасын қабылданды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев атап көрсеткендей, ағымдағы жылғы бюджеттің кірістері мен шығыстары ұлғайтылды. "Жалпы, қосымша қаражат Президенттің тапсырмаларын орындауға бағытталмақ. Атап айтқанда, әлеуметтік төлемақыларды арттыруға 121,6 миллиард теңге бөлінеді. Оның ішінде сәуірдің 1-інен бастап азаматтық қызметкерлердің негізгі жалақысына қосылатын 10 пайыздық ақы (63,5 млрд.теңге), зейнетақы мен мемлекеттік әлеуметтік төлемақылар (53,4 млрд. теңге), мемлекеттік тапсырыс аясында оқитын студенттердің шәкіртақысын 10 пайызға (4,7 млрд. теңге) көтеру мәселесі бар", - деді Үкіметтің бүгінгі отырысында Е.Досаев. Сондай-ақ, мектепке дейінгі білім беруге арналған "Балапан" мемлекеттік бағдарламасына қосымша 6,7 миллиард теңге бөлінеді. Бұдан басқа, "Қолжетімді баспана - 2020" бағдарламасына - 20,8 млрд. теңге, тұрғын-үй шаруашылығын жаңғыртуға - 8 млрд. теңге, "Агробизнес - 2020" бағдарламасы бойынша қаржыландыру көлемі 17,7 млрд. теңгеге ұлғайтылып отыр. Премьер-министр Серік Ахметовтың айтуынша, бюджеттің нақтыланған нұсқасы бүгін тағы бір рет қаралып, ертең Парламент Мәжілісінің қарауына енгізілетін болады.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети