©РИА Новости
Ел аумағында 13 ақпанға дейін суық ауа райы сақталғанымен одан әрі қысқамерзімге болса да күн жыли түседі, деп хабарлайды Tengrinews.kz "Қазгидромет" РМК-на сілтеме жасап. "Қалай болғанда да, ақпан - бұл қыстың соңғы айы болғандықтан көктемнің де ауылы алыс емес екені аян. Оның үстіне халықтық күнтізбеде көрсетілгеніндей 14 ақпанда көктем қыспен кездеседі", - дейді синоптиктер. Айта кетейік, алдағы аптада еліміздің кейбір аймағында ауа температурасы 30-35 градусқа дейін төмендейді. Биылғы ауа райының қолайсыз болуына байланысты бір ғана Астананың өзінде мектеп оқушылары бір айға жуық мектепке бармағандықтан, сабақтарын жіберіп алған. Елордамызда 2013 жылғы 5 желтоқсан мен биылғы 1 ақпанның аралығында ғана 23 күн сабақ өткізілмеген. Сабақтан көбіне бастауыш сынып оқушылары қалып отырған. Күннің күрт суып кетуіне байланысты осы мерзім ішінде бұған дейін еліміздің Қостанай, Павлодар және Қарағанды облысындағы 18 ауданның 14-інде сабақ толықтай тоқтатылған болатын.
Ел аумағында 13 ақпанға дейін суық ауа райы сақталғанымен одан әрі қысқамерзімге болса да күн жыли түседі, деп хабарлайды Tengrinews.kz "Қазгидромет" РМК-на сілтеме жасап.
"Қалай болғанда да, ақпан - бұл қыстың соңғы айы болғандықтан көктемнің де ауылы алыс емес екені аян. Оның үстіне халықтық күнтізбеде көрсетілгеніндей 14 ақпанда көктем қыспен кездеседі", - дейді синоптиктер.
Айта кетейік, алдағы аптада еліміздің кейбір аймағында ауа температурасы 30-35 градусқа дейін төмендейді. Биылғы ауа райының қолайсыз болуына байланысты бір ғана Астананың өзінде мектеп оқушылары бір айға жуық мектепке бармағандықтан, сабақтарын жіберіп алған. Елордамызда 2013 жылғы 5 желтоқсан мен биылғы 1 ақпанның аралығында ғана 23 күн сабақ өткізілмеген. Сабақтан көбіне бастауыш сынып оқушылары қалып отырған.
Күннің күрт суып кетуіне байланысты осы мерзім ішінде бұған дейін еліміздің Қостанай, Павлодар және Қарағанды облысындағы 18 ауданның 14-інде сабақ толықтай тоқтатылған болатын.