13 жастағы қазақстандық әнші беделді итальяндық вокал сыйлығының Premio Mia Martini иегері атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
13 жастағы қазақстандық әнші беделді итальяндық вокал сыйлығының Premio Mia Martini иегері атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Premio Mia Martini ән байқауы танымал итальялық әнші Миа Мартинидің туған қаласы Багнар Калабренің құрметіне арналған. Ал байқау 1995 жылдан бері өткізіліп тұрады. Ол 4 кезеңнен тұрады: кастинг, жартылай мәре, радио финал және гранд-финал. Қатысушылардың жасы 4-тен 45 жасқа дейін. Гранд-финалдың тікелей эфирі Radio Medua жергілікті радиостанциясында естілді.
Қазақстандық әнші Аружан Ардақ барлық кезеңнен сәтті өткен. Сондай-ақ ТМД елдерінен ақтық мәреге дейін жеткен жалғыз қатысушы болған. Ол Риананың Love on the brain ішінара итальян тіліне аударылған әнін орындап шықты. Бұл ән радио арқылы естіліп, жергілікті тұрғындар оған SMS арқылы дауыс берген.
Бұл байқаудан кейін, қыздың Италия елінде көптеген жанкүйері пайда болды. Жартылай мәреде де, ақтық гранд-финалда да итальялықтар Аружанның сахналық киіміне таңғалған. Сайыстың жеңімпазы Аружан Ардаққа сыйлықты қала басшысы Марио Ромео тарту етті.