13 жыл бұрын жоғалып кеткен қырғызстандық Атыраудан табылды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

13 жыл бұрын жоғалып кеткен қырғызстандық Атыраудан табылды Видео кадры/Polisia.kz.

13 жыл бұрын жоғалып кеткен Қырғызстан азаматын Атырау полицейлері тапты, - деп хабарлайды Polisia.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

13 жыл бұрын жоғалып кеткен Қырғызстан азаматын Атырау полицейлері тапты, - деп хабарлайды Polisia.kz.

2011 жылы Атырауға Қырғызстан Республикасының екі азаматы киім сатуға келген. Сол жылы бірі Отанына оралуды ұйғарып, екіншісі сонда қалған. Олар соңғы рет 2013 жылы телефон арқылы сөйлескен. Содан бері байланыста болмаған.

Бірнеше жылдан кейін туыстары оны іздестіруді бастаған, бірақ нәтиже болмады. Кейін Атырау облыстық Полиция департаменті басшысы құрған арнайы жедел-іздестіру тобы азаматты іздеуге кіріскен. Хабарсыз кеткен әйел жақындарына ренжіп, олармен байланысын үзуді жөн санаған.

Хабар-ошарсыз кеткен әйелдің туысы тәртіп сақшыларына жемісті жұмысы және оның отбасымен қауышуына көмектескені үшін алғыс білдірді.

"Жоғалған жақындарды 13 жылдан кейін кездестіруге көмектескен полиция қызметкерлеріне рақмет. 13 жыл бойы армандап, осы сәтті күттім. Қуанышымда шек жоқ!" - деп туысқандар көзіне жас алды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети