14-16 қазан күндері Қазақстанда жылы болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

14-16 қазан күндері Қазақстанда жылы болады ©РИА Новости

Қазанның 14-16-ы күндері Қазақстанда күн жылы, әрі құрғақ болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК-на сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазанның 14-16-ы күндері Қазақстанда күн жылы, әрі құрғақ болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК-на сілтеме жасап.

Еліміздің көп бөлігі антициклонның ықпалында болады деген болжам бар. Жылы ауа райы өз кезегінде күннің құрғақ, әрі ауа температурасының нормадан 3-5 градусқа жоғары болуына әсер етпек. Алайда еліміздің солтүстік аймақтарында ауа температурасы салқын болып қала бермек. Оған Ресейдің еуропалық бөлігінен келгелі отырған салқын ауа райының ықпалы болмақ. Бұл өңірлерде жауын жауып, жел тұрады.

Бұған дейін синоптиктер қазанның алғашқы жартысында ауа температурасының нормадан ауытқымайтынын, әрі жылы болатынын мәлімдеген еді. Ал еліміздің барлық аумағында жауын-шашын мөлшері нормадан төмен болады. Бірақ бұл күндері салқын ауа райы сақталып, бірқатар облыста қар жауды. Қазанның 10-ынан кейін барып, күн қайта жылына бастады. Синоптиктер айдың ортасында қайтадан қар аралас жаңбыр жауып, күн суытатынын болжады.

 

 

 

 

 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети