14 ақпан 2022 | 09:00

14 ақпанда Қазақстанда ауа райы қандай болады?

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz Фото: Tengrinews.kz

14 ақпанда қазақстандықтарды бұрқасын, көктайғақ, қалың қар күтеді. Синоптиктер дауылды ескерту жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

14 ақпанда қазақстандықтарды бұрқасын, көктайғақ, қалың қар күтеді. Синоптиктер дауылды ескерту жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Солтүстік-батыс циклонына байланысты ҚР басым бөлігінде қар жауады. Еліміздің оңтүстігі, оңтүстік-шығысы және оңтүстік-батысында жауын-шашын түседі.

Республика бойынша кей жерлерде тұман, бұрқасын, еліміздің оңтүстігі, оңтүстік-шығысы және оңтүстік-батысында көктайғақ болады, басым бөлігінде жел күшейеді.

Түркістан облысының солтүстігінде және таулы аймақтарында тұман түседі, облыстың солтүстігінде, батысында және таулы аймақтарында көктайғақ болады.

Облыстың батысында, оңтүстігінде және тау бөктерінде жел қарқыны - секундына 17-22 метр, таулы аймақтарда және облыстың солтүстігінде - секундына 25 метр, кей жерлерде секундына 30 метрден асады.

Жамбыл облысының солтүстігінде және таулы аймақтарында тұман, көктайғақ болады. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аймақтарында жел екпіні секундына 15-20 метр болады. Таңертең және күндіз желдің күші - секундына 23-28 метр, кей уақытта секундына 30 метрден асады.

Ақмола облысында бұрқасын, түнде облыстың оңтүстік-шығысында, солтүстігінде тұман түседі, облыстың оңтүстігінде, батысында желдің күші - секундына 15-20 метр, күндіз басым бөлігінде екпіні секундына 25 метрге жетеді.

Түнде Атырау облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында түнде көктайғақ болады, облыстың басым бөлігінде жел жылдамдығы - секундына 15-20 метр.

Ақтөбе облысының орталығында, оңтүстігінде, шығысында жел қарқыны секундына 15-20 метрге жетеді. Түнде облыстың оңтүстігінде жаяу бұрқасын соғады.

Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын көтеріледі, жел екпіні - секундына 15-20 метр Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман түседі.

Павлодар облысының оңтүстігінде күндіз жаяу бұрқасын, жел жылдамдығы - секундына 15-20 метр. Түнде облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі.

Қарағанды ​​облысының батысында, солтүстігінде, орталығында бұрқасын соғады, жел қарқыны - секундына 15-20 метр.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында жаяу бұрқасын көтеріледі, желдің күші - секундына 15-20 метр.

Қызылорда облысының түнде басым бөлігінде, күндіз орталығында, оңтүстігінде көктайғақ болады. Түнде өңірдің солтүстігінде, орталығында, күндіз басым бөлігінде жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети