Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

14 желтоқсанда Ресей Қазақстанға пойыздардың қатынауын тоқтатады

08 Желтоқсан 2014, 23:46
0
©russos.livejournal.com
©russos.livejournal.com

"Федералдық жолаушылар компаниясы" ААҚ ("Ресей теміржолдары" еншілес кәсіпорны) 14 желтоқсаннан бастап, Украинаға, Қазақстанға, Әзірбайжан мен Тәжікстанға пойыздардың қатынауын тоқтатады. Бұл туралы ФЖК өкілі мәлімдеді, - деп хабарлайды РБК ТАСС-қа сілтеме жасап. Ресей пойыздар қатынасын тоқтатқанымен, теміржолмен екі араға Украинаның, Қазақстан мен басқа да елдердің пойыздары жүре береді.

"Пойыздарды тоқтату туралы шешім 2014-2015 жылдарға арналған қозғалыс кестесін түзету шеңберінде және бұл бағыттар бойынша тасымалдың аз пайда түсіретіндігіне байланысты қабылданды", - деді "Ресей теміржолдары" өкілі. Оның айтуынша, пойыздарды тоқтату туралы шешім кем дегенде бір жылға есептеліп қабылданды.

Дегенмен ресми өкілдің айтуынша, "қажет болған жағдайда пойыздар тағайындалуы мүмкін".

"Ресей теміржолдары" өкілі Беларусь, Өзбекстан, Молдова, Абхазия бағыттарына қатынайтын пойыздардың тоқтатылмайтынын айтты. Атап айтқанда, Мәскеу - Брест, Мәскеу - Кишинев, Томск - Лениногорск, Челябинск - Ташкент және Орынбор - Ташкент пойыздарының қозғалысы өзгермейді. 

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай