14 мың теңге ғана айыппұл салынған. Бұлай болмайды - Тоқаев лифтті қиратқан ер адам туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы тұрғын үй кешенінде лифтіде тұрған мониторды шаққан мас ер адамның әрекетіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы тұрғын үй кешенінде лифтіде тұрған мониторды шаққан мас ер адамның әрекетіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамдық мүлікті бүлдіру, бұзақылық және вандализм сияқты оқиғалардың жиілеп кеткеніне тоқталды.

"Жуырда елордада мас адам лифтідегі мониторды сындырғаны үшін оған 14 мың теңге ғана айыппұл салынған. Бұлай болмайды. Мұндай іс-әрекет үшін кемінде 15 тәулікке қамау керек немесе 1 жылға түзету жұмыстарына салу жөнінде жаза кесу қажет. Мұндай жағдайларға мүлдем төзбеу керек. Жеңіл жаза жарамайды. Ал іс жүзінде жазаламау салдары құқық бұзушылық пен қылмыстың одан әрі өршуіне алып келеді. Сондықтан осы мәселе бойынша заңнаманы қатаңдату керек", - деді Президент.

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желілерде елордалық тұрғын үй кешенінің лифт кабинасына орнатылған мониторды сындырған ер адамның видео пайда болған. 

Ер адам мас күйде монитор экранын сындырғаны анықталған. Қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Оған қаланың мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен 5 АЕК көлемінде айыппұл салынған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети