1400-ден аса медицина қызметкері 2 миллион теңгеден алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

1400-ден аса медицина қызметкері 2 миллион теңгеден алды © Тұрар Қазанғапов

1 429 медицина қызметкері коронавирустық инфекцияны немесе вирустық пневмонияны жұқтырған жағдайда мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетін біржолғы әлеуметтік төлемді алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Сондай-ақ, ауру салдарынан қайтыс болған 13 медицина қызметкерінің туыстарына төлем аударылғаны айтылады.

"11 қыркүйек сағат 9.00-дегі жағдай бойынша МӘСҚ COVID-19 немесе вирустық пневмония жұқтырған 1 429 медицина қызметкерінің өтініші бойынша және аурудың салдарынан қайтыс болған 13 медицина қызметкерінің өтініш бойынша ақшалай қаражатты тағайындау мен төлеуді жүзеге асырды.

Өңірлер бөлінісінде медицина қызметкерлеріне COVID-19 немесе вирустық пневмонияны жұқтыру жағдайына төлемдердің ең көп саны Нұр-Сұлтан (260) және Алматы қалаларынан (191), Алматы (119), Қарағанды (110) және Ақмола (110) облыстарынан жүргізілді", - деді министрліктегілер.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети