“1414 қызметтері ақылы болады“: мемлекеттік корпорация мәлімдеме жасады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

“1414 қызметтері ақылы болады“: мемлекеттік корпорация мәлімдеме жасады Фото:depositphotos.com

Әлеуметтік желілер мен кейбір БАҚ-та "1414 бірыңғай байланыс орталығы арқылы көрсетілетін қызметтер ақылы болады" деген ақпарат тарады. Бұл жағдайға "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Әлеуметтік желілер мен кейбір БАҚ-та "1414 бірыңғай байланыс орталығы арқылы көрсетілетін қызметтер ақылы болады" деген ақпарат тарады. Бұл жағдайға "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемкорпорация мәліметінше, азаматтар үшін 1414 нөмірі арқылы көрсетілетін қызметтер бұрынғыдай тегін күйінде қалады. Айтылған ақылы қызметтер халыққа емес, мемлекеттік органдарға қатысты.

"Мақсат – әр мемлекеттік органның жеке колл-орталығын ашпай, азаматтармен байланыстың бірыңғай арнасын қалыптастыру. Барлық өтініш 1414 бірыңғай байланыс орталығында жинақталады. Халықтан ешқандай төлем алынбайды", – деп мәлімдеді мекемеде.

Сондай-ақ басқа мемлекеттік органдар өз колл-орталықтарын оңтайландырып, қажет болған жағдайда 1414 жүйесіне ақылы негізде, өз қаражаты есебінен қосыла алатыны айтылды.

Айта кетейік, 1414 бірыңғай байланыс орталығы тәулік бойы, демалыссыз жұмыс істейді. Операторлар күн сайын сағат 9:00-ден 21:00-ге дейін қызмет көрсетеді, ал түнгі уақытта өтініштерді автоматты дауыс көмекшісі мен чат-бот қабылдайды.

Азаматтар байланыс орталығына:

  • Қазақстан аумағында 1414 нөмірі арқылы тегін;
  • шетелден +7 7172 906 984 нөмірі арқылы;
  • Telegram-дағы eGovKzBot 2.0 арқылы;
  • әлеуметтік желілер, электронды пошта арқылы;
  • "ХҚКО" мобильді қосымшасы арқылы хабарласа алады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 495.73  course up  589.53  course up  6.42  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети