07 қазан 2020 14:31

145 колледж 330 мамандық бойынша лицензиясынан айырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

фото:newsmir.info фото:newsmir.info

Қазақстанда 145 колледж 330 мамандық бойынша лицензиясынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстанда 145 колледж 330 мамандық бойынша лицензиясынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті барлық қазақстандық колледждің білім беру қызметіне мониторинг жүргізіп жатыр. Талдау нәтижелері бойынша 145 білім беру ұйымы 330 мамандық бойынша лицензияға қосымшаларын өз еркімен қайтарып берді (белгілі бір мамандықтар бойынша оқытуға рұқсат беретін құжат)", - делінген хабарламада.

ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова студенттерге көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға бағытталған жұмыс Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының директорларымен бірлесе жүргізілгенін атап өтті.

"Департаменттеріміз колледждердің білім беру қызметіне мониторинг жүргізіп жатыр. Бірінші кезекте біз оқу процесіне қажетті құрал-жабдықтардың, әдебиеттердің, білім беретін тиісті оқытушылардың болуына, оқуға барлық жағдайдың жасалуына назар аударамыз. Осы жұмыстың нәтижесінде колледждер қазіргі уақытта өздерінің білім беру профиліне жатпайтын немесе біліктілік талаптарын сақтай алмайтын жекелеген мамандықтар бойынша лицензияның қосымшаларын қайтару туралы шешім қабылдады. Арасында еңбек нарығында сұранысқа ие емес мамандықтар да бар. Кейбір колледждерге белгілі бір мамандықтар бойынша студенттер оқуға мүлдем түспеген.

Мысалы, педагогикалық колледж менеджерлерді даярлауға талпынса, ал экономикалық бағытта білім беретін колледж педагогтерді оқытпақ болған. Сондай-ақ кейбір оқу орындары материалдық базасы сай келмесе де белгілі бір мамандық бойынша кадрларды дайындағысы келген. Қазіргі уақытта студенттер оқуын аяқтады, ол үшін колледждерге мүмкіндік берілді. Бұдан былай 145 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы үш жүзден астам мамандық бойынша студенттерді оқытпайтын болды. Сондықтан  ата-аналар мен оқушыларға алаңдаудың қажеті жоқ. Ешқандай проблема туындаған жоқ", – деді ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети