15 жастағы қыз 71 жастағы көршісінен бала туған: тың дерек айтылды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

15 жастағы қыз 71 жастағы көршісінен бала туған: тың дерек айтылды

Түркістан облысында 15 жастағы оқушы босанғаны туралы ақпарат тарады. Желідегі мәліметке сүйенсек, күдікті - қарт көршісі. Жергілікті тұрғындар күдіктінің отбасынан ауылдан кетуін талап етіп отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысында 15 жастағы оқушы босанғаны туралы ақпарат тарады. Желідегі мәліметке сүйенсек, күдікті - қарт көршісі. Жергілікті тұрғындар күдіктінің отбасынан ауылдан кетуін талап етіп отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәлімет бойынша қыз ақпанда босанған, ал жақында баланың болжамды әкесі, яғни 71 жастағы көршісі ұсталған. Бір нұсқа бойынша күдікті - қыздың отбасының туысы.

Бұл оқиға туралы жергілікті тұрғындар білгеннен кейін күдіктінің отбасынан ауылдан кетуін талап еткен. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тарады.

Түркістан облысы Полиция департаменті күдікті ұсталғанын, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын хабарлады.

"Қылмыстық іс қозғалды. Барлық мән-жайды анықтауға бағытталған тергеу жүргізіліп жатыр", - деді Түркістан облысы ПД өкілі.

Бұл ретте Қазақстандағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева іске қатысты жаңа мәлімет айтты. Бұл туралы ол 21 қазанда Instagram-сторисінде жазды.

"Түркістан облысында кәмелетке толмаған қызға қарсы жасалған қылмыс дерегі бойынша ІІМ және облыстық прокуратурамен жұмыс істеп жатырмыз", – деді балалар омбудсмені.

Оның айтуынша, қыз қаңтарда босанған, ал анасының өтініші қазанда түскен.

"Қыз Астанада босанғанда аурухана бұл туралы қалалық полицияға хабарлаған. Астана Полиция департаменті бұл деректі тіркеп, аумақтық бағынысына сәйкес Түркістан облысына жолдаған", – деп түсіндірді ол.

Алайда Келес ауданының полиция бөлімі оны наменклатуралық іске тіркеп қана қойған. Осыған байланысты Ішкі істер министрлігі мен облыстық прокуратура тексеріс жүргізіп жатыр.

Сондай-ақ, Зәкиева оқиға орнында аймақтық бала құқықтары жөніндегі уәкіл жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 520.22  course up  609.26  course up  6.58  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети