13 қаңтар 2021 | 12:54

15 жастағы қызбен жыныстық қатынасқа түскені үшін сотталған ақтөбелік бостандыққа шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© nvdaily.ru © nvdaily.ru

Ақтөбе облысының соты 15 жастағы қызбен жыныстық қатынасқа түскені үшін сотталған 17 жастағы жігітке қатысты үкімді жеңілдетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбе облысының соты 15 жастағы қызбен жыныстық қатынасқа түскені үшін сотталған 17 жастағы жігітке қатысты үкімді жеңілдетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мұның алдында бұл оқиға туралы "Не молчи.kz" қоғамдық қорының негізін қалаушы Дина Таңсәрі Facebook желісінде жазған болатын.

2020 жылдың шілдесінде жасөспірімдер үйден бірінші рет қашып кетті. Кейін үйге оралып, бірақ сосын қайта екінші рет қашып кетті. Оларды іздеген кезде қыздың анасы медициналық сараптама жасауды талап етті. Нәтижесінде Нұрасхан есімді жігіт ("он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер") бабы бойынша қылмыс жасады деген күдікпен қамауға алынды.

"Осылайша 2020 жылдың 24 қарашасында ол жігіт үш жылға бас бостандығынан айырылды. Ақтөбе облыстық сотында осы іс бойынша апелляциялық тыңдау өтті. Апелляциялық сотта жігіттің кінәсі толығымен дәлелденді. Алайда заң егер ерекше жеңілдететін жағдайлар болса, жазаны жеңілдетуге мүмкіндікті көздейді.

Сот алқасы жігіттің кәмелетке толмаған жасын, оның осы іске өкінгенін, оң сипаттамасын, жәбірленуші мен оның заңды өкілінің пікірін ескерді. Осыған байланысты сот оған 1 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады және оны қамаудан босатты", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети