15 жылға дейін бас бостандығынан айыру: ІІМ фармацевттерге үндеу жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

15 жылға дейін бас бостандығынан айыру: ІІМ фармацевттерге үндеу жасады Фото:depositphotos.com

ІІМ "трамадолды" дәрігердің рецептінсіз сатқаны үшін қылмыстық жауапкершілік барын еске салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілетме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ІІМ "трамадолды" дәрігердің рецептінсіз сатқаны үшін қылмыстық жауапкершілік барын еске салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілетме жасап.

ІІМ мәліметінше, дәріханалық нашақорлыққа қарсы күресті күшейту мақсатында 2023 жылы "трамадол" психотроптық заты есірткі заттарының тізіміне енгізілді. Есірткі қатарына енгізілгенге дейін "трамадол" ел бойынша сегіз мыңға жуық дәріханада сатылған. Қазіргі уақытта ол дәрігердің рецепті бойынша тиісті лицензиясы бар дәріханаларда ғана сатылады.

"Медицинада қолданылатын есірткі және психотроптық заттарды рецептісіз сату деректеріне қатысы бар адамдарды анықтауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларын тұрақты негізде жүргізіледі. Жыл басынан бері "трамадолды" заңсыз сақтағаны үшін үш адам қамауға алынды. Олардан 2500-ден астам таблетка тәркіленді.

Осыған байланысты дәріханалар мен фармацевтикалық компаниялардың басшыларына қолданыстағы заңнама талаптарын қатаң сақтау қажет екенін еске саламыз. Медицинада қолданылатын психотроптық заттар мен есірткілерді рецептсіз сату Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігімен қаралып, "есірткіні заңсыз өткізу" болып саналатынын ескертеміз. Бұл үшін 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған", - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті басқармасы бастығының орынбасары Айбек Брыков.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети