15 сәуірде Аstanabike маусымы ашылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

15 сәуірде Аstanabike маусымы ашылады © Astana.gov.kz

15 сәуірде Аstanabike маусымы ашылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

15 сәуірде Аstanabike маусымы ашылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ертең Аstanabike автоматтандырылған велосипедтерді жалға алу жүйесі жұмысын жандандырады. "Қазіргі кезде велосипедтер орнатылып жатыр, ертеңнен бастап қала тұрғындары мен қонақтары экологиялық көлік түрімен жүретін болады", - делінген әкімдік хабарламасында.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, былтыр велобекеттер саны 150-ге дейін, велосипедтер саны 1000-ға дейін ұлғайды. Арасы 300-500 метрден аспайтын қашықтықта орналасқан бекеттерді мейлінше ыңғайлы орналастыру нұсқасы жасалды.

"Пайдаланушылар үшін қолжетімді, әрі икемді тарифтер ұсынылады. Бекеттердің орналасуы мен толықтырылуын қадағалауға болатын Android пен IOS базаларындағы мобильді қосымшалар мен интернет арқылы онлайн төлеу жүйелері іске қосылды. Сондай-ақ карточкаларды "Мега Астана" ОСО орналасқан сату бөлімінде рәсімдеп, толықтыруға болады. Карточканың құны - 6500 теңге", - деді әкімдік қызметкерлері.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады

Валюта бағамы

 518.81  course up  609.28  course up  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети