15 сәуірде Аstanabike маусымы ашылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.
15 сәуірде Аstanabike маусымы ашылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.
Ертең Аstanabike автоматтандырылған велосипедтерді жалға алу жүйесі жұмысын жандандырады. "Қазіргі кезде велосипедтер орнатылып жатыр, ертеңнен бастап қала тұрғындары мен қонақтары экологиялық көлік түрімен жүретін болады", - делінген әкімдік хабарламасында.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, былтыр велобекеттер саны 150-ге дейін, велосипедтер саны 1000-ға дейін ұлғайды. Арасы 300-500 метрден аспайтын қашықтықта орналасқан бекеттерді мейлінше ыңғайлы орналастыру нұсқасы жасалды.
"Пайдаланушылар үшін қолжетімді, әрі икемді тарифтер ұсынылады. Бекеттердің орналасуы мен толықтырылуын қадағалауға болатын Android пен IOS базаларындағы мобильді қосымшалар мен интернет арқылы онлайн төлеу жүйелері іске қосылды. Сондай-ақ карточкаларды "Мега Астана" ОСО орналасқан сату бөлімінде рәсімдеп, толықтыруға болады. Карточканың құны - 6500 теңге", - деді әкімдік қызметкерлері.