15 сәуірден бастап қандай мобильді аударымдар табыс ретінде есептелуі мүмкін?

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

15 сәуірден бастап қандай мобильді аударымдар табыс ретінде есептелуі мүмкін? Фото:elements.envato.com

Қазақстанда 15 сәуірден бастап кәсіпкерлік қызметтен табыс алу белгілері бар қазақстандықтардың мобильдік аударымдарын қадағалау туралы Қаржы министрінің бұйрығы қолданысқа енгізіледі. Тексерудің бірінші кезеңінде мемлекеттік қызметшілер мен олардың жұбайлары қамтылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда 15 сәуірден бастап кәсіпкерлік қызметтен табыс алу белгілері бар қазақстандықтардың мобильдік аударымдарын қадағалау туралы Қаржы министрінің бұйрығы қолданысқа енгізіледі. Тексерудің бірінші кезеңінде мемлекеттік қызметшілер мен олардың жұбайлары қамтылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қаржы министрінің 29 наурыздағы бұйрығымен жеке тұлғалардың банк шоттары бойынша жүзеге асырылатын операцияларды кәсіпкерлік қызметтен кіріс алу белгілері бар операцияларға жатқызу критерийлері бекітілді.

Құжатқа сәйкес, бір жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметке арналмаған банк шотына қатарынан күнтізбелік үш ай ішінде 100 және одан да көп әртүрлі тұлғадан ақша түссе, онда бұл операциялар кәсіпкерлік қызметтен кіріс алу белгілері бар операциялар қатарына жатқызылады.

2025 жылға дейін екінші деңгейдегі банктер қолда бар санаттарды толықтыра отырып, жеке тұлғалардың мынадай санаттары бойынша мәліметтерді кезең-кезеңімен мемлекеттік кіріс органдарына беретін болады деп көзделуде:

I кезең - (2022 жылғы 1 қаңтардан 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін) –мемлекеттік қызметкерлер мен оларға теңестірілгендер және олардың жұбайы бойынша;
II кезең  - (2023 жылғы 1 қаңтардан 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін) – бюджеттік мекемелердің қызметкерлері және олардың жұбайы, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері және олардың жұбайы;
III кезең - (2024 жылғы 1 қаңтардан 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін) – заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары және олардың жұбайы, жеке кәсіпкерлер (ИП) және олардың жұбайы;
IV кезең - (2025 жылғы 1 қаңтардан бастап) – халықтың қалған санаты бойынша ақпарат беріледі.

"Бұйрық жеке тұлғалардың, адал салық төлеушілердің жеке аударымдарына еш қатысы жоқ. Ол салықтық мониторинг жүргізу кезінде тиімділікті арттыруға, заңнама нормаларын сақтауға және салықтан жалтарудың алдын алуға бағытталған", - деп атап өтті Мемлекеттік кірістер комитетінде.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети