158 миллион теңге тұратын сырға: олигархтардан қайтарылған әшекейлердің суреті жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

158 миллион теңге тұратын сырға: олигархтардан қайтарылған әшекейлердің суреті жарияланды Фото: e-auction.e-qazyna.kz

Қайтарылған активтерді басқару компаниясы 4-7 наурызда өтетін жаңа сауда-саттық туралы жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қайтарылған активтерді басқару компаниясы 4-7 наурызда өтетін жаңа сауда-саттық туралы жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Аукционға қойылған активтердің ішінде 63 зергерлік бұйым бар. Олардың ішіндегі ең қымбаты:

  • DE BEERS сырғасы, жалпы салмағы 6,06 карат гауһар тастармен көмкерілген, құны 158 миллион теңгеге бағаланады. Әшекей 750-ші ақ алтыннан жасалған.

  • Van Cleef & Arpels алқасы 55 миллион теңгеге бағаланған. Ол 750-ші ақ алтыннан жасалған, жалпы салмағы 16,92 карат гауһар тастармен көмкерілген және брендтің белгісі бар.

  • YEPREM сақинасы 14 миллион теңгеге бағаланған. Эксклюзив сақина 750-ші ақ алтыннан жасалған және 85 гауһармен безендірілген.

Айта кетейік, бұған дейін сауда-саттыққа құны миллиондаған теңге болатын эксклюзив сағаттар шығарылды. Сағат әртүрлі үлгідегі алтыннан, ал кейбіреулері қолтырауын терісінен жасалған. Кейбір үлгілер асыл тастармен көмкерілген. Ең жоғары бастапқы баға 31 281 600 теңге болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети