16 миллион қазақстандықтың жеке дерегі ашық тарап кеткен: министрлік мәлімдеме жасады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

16 миллион қазақстандықтың жеке дерегі ашық тарап кеткен: министрлік мәлімдеме жасады ЖИ көмегімен жасалған

Қазақстандықтардың жеке деректері бар 16,3 миллион жазба ашық тарап кеткен. Бұл ақпаратты Кибершабуылды талдау және тергеу орталығының президенті Олжас Сәтиев растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтардың жеке деректері бар 16,3 миллион жазба ашық тарап кеткен. Бұл ақпаратты Кибершабуылды талдау және тергеу орталығының президенті Олжас Сәтиев растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қандай деректер тараған?

16 миллионнан аса жазба ашық тарап кеткен, бұл ел халқының басым бөлігін қамтиды. Тұрғындардың мынадай жеке мәліметтері тарап кеткен: тегі, аты, әкесінің аты, жынысы, туған күні, ЖСН, мекен-жайы, тұрғылықты жері, телефон нөмірлері (ұялы, үй, жұмыс телефондары), азаматтығы, ұлты және тағы басқалары.

Сарапшының айтуынша, ақпараттар қалай тарап кеткені әзірге белгісіз. Бұрын тараған деректерді біріктіріп, кейін жабық Telegram арналарда сата бастауы мүмкін немесе бұл мүлдем жаңа жағдай болуы да мүмкін.

"Бұл - ауқымды оқиға. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, ҰҚК жанындағы мемлекеттік қызмет не айтатынын күтеміз, олар да осы оқиғаны тергеуі керек", - деді Олжас Сәтиев.

Министрлік мәлімдемесі

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі қазақстандықтардың жеке деректерінің тарап кетуі туралы ақпарат зерттеліп жатқанын айтып, мәлімдеме жасады.

"Қазіргі уақытта барлық салалық ведомство мен қызметтер жұмылдырылды. Ұсынылған деректердің өзектілігіне де жан-жақты тексеру жүргізіліп жатыр. Алғашқы талдау көрсеткендей, мәліметтердің көпшілігі ескірген", – деп хабарлады Цифрландыру министрлігі.

Сондай-ақ, министрлік тексеру аяқталғанға дейін қандай да бір қорытынды жасауға немесе ақпараттың шынайылығын растауға ерте екенін ескертті.

"Бұған дейінгі жылдары болған ұқсас жағдайларда тараған деректердің ескі екені және олар түрлі қызмет көрсету салаларындағы және микроқаржы ұйымдарындағы дерекқорлардан алынғаны анықталғанын еске саламыз. Министрлік жағдайды бақылауда ұстап отыр. Қосымша ақпарат тексеру аяқталғаннан кейін жарияланады", – деп толықтырды министрлік.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети