05 шілде 2023 | 08:40

16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

5 шілдеде Павлодар облысының оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метр. 5 шілдеде облыстың солтүстігінде, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Павлодар қаласында 5 шілдеде күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр.

5 шілдеде Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метр. Күндіз облыстың оңтүстігінде 36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Қостанай қаласында 5 шілдеде күндіз найзағай күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні секундына 15-20 метр.

5 шілдеде Шығыс Қазақстан облысының түнде батысында, орталығында, оңтүстігінде, күндіз солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында күші секундына 15-20 метр, күндіз екпіні 23 м/с. Өскемен қаласында 5 шілдеде жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз екпіні 15 м/с.

5 шілдеде түнде Солтүстік Қазақстан облысының шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метр. 5-06 шілдеде жоғары өрт қауіпі сақталады. Петропавл қаласында 5 шілдеде солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні секундына 15-20 метр күтіледі. 5-06 шілдеде жоғары өрт қауіпі сақталады.

5 шілдеде Абай облысының түнде батысында, оңтүстігінде, шығысында, күндіз оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында күші секундына 15-20 метр, күндіз екпіні 23 м/с. Облыстың солтүстік-батысында, батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Семей қаласында 5 шілдеде жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.

5 шілдеде күндіз Маңғыстау облысының оңтүстігінде 38 градус қатты ыстық күтіледі. 5 шілдеде облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

5 шілдеде Жетісу облысының оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады облыстың солтүстігінде, шығысында 17-22 м/с. 5 шілдеде облыстың көп бөлігінде жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорған қаласында 5 шілдеде жоғары өрт қаупі сақталады.

5 шілдеде күндіз Ақтөбе облысының шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метр. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады

5 шілдеде күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз найзағай кезінде облыстың солтүстігінде, орталығында секундына 15-20 метр күтіледі. 5 шілдеде Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында 5 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.

5 шілдеде күндіз Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метр күтіледі. 5 шілдеде облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазған қаласында 5 шілдеде күндіз найзағай күтіледі.

5 шілдеде Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метр күтіледі. 5 шілдеде Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, солтүстігінде күтіледі. Көкшетау қаласында 5 шілдеде жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Астана қаласында 5 шілдеде найзағай күтіледі, жоғары өрт қауіпі сақталады.

5 шілдеде күндіз Батыс Қазақстан облысының басым бөлігінде 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

5 шілдеде Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метр күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағанды қаласында 5 шілдеде күндіз найзағай күтіледі.

5 шілдеде Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады найзағай кезінде екпіні секундына 15-20 метр. 5 шілдеде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Алматы қаласында 5 шілдеде найзағай күтіледі. Қонаев қаласында 5 шілдеде күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады найзағай кезінде екпіні секундына 15-20 метр.

5 шілдеде түнде Атырау облысының солтүстігінде, батысында найзағай күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, түнде найзағай кезінде екпіні секундына 15-20 метр. Күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде, батысында 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. 5 шілдеде облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қаласында 5 шілдеде күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети