17 миллиард теңгелік стадион: арена құрылысы қалай жүріп жатыр?

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

17 миллиард теңгелік стадион: арена құрылысы қалай жүріп жатыр? Фото ©️ TengriSport.kz / Антон Алексеев

Астана әкімдігінде Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы жаңа стадион құрылысының 25 пайызға аяқталғаны айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана әкімдігінде Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы жаңа стадион құрылысының 25 пайызға аяқталғаны айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін Қазақстан Бас прокуратурасының баспасөз қызметі жаңа аренаны пайдалануға беру мерзімі 2026 жылдың 2-тоқсаны деп хабарлаған болатын, алайда бастапқыда 1-тоқсан деп көрсетілген еді. Әкімдік бастапқы мерзім өзекті екенін растады.

"Стадионды ашу 2026 жылдың бірінші тоқсанына жоспарланған", – деп жауап берді әкімдік Tengri Sport сауалына.

Астана құрылыс басқармасы мәліметінше, қазіргі уақытта стадион құрылыс жұмыстарының 25 пайызы орындалған.

Tengri Sport тілшісі құрылыс алаңына барып, нысанның дайындығын бағалады.

Сурет: TengriSport.kz / Антон Алексеев

Қазақстандағы ең көне стадионның орнында жаңа арена қарқынды түрде салынып жатыр. Болашақ аренаның эскизінде байқалатын арканың құрылысы басталып кеткен.

Болашақ стадионның эскиздері: gosexpertiza.kz // Астана Дене шынықтыру және спорт басқармасы

Астана әкімдігі стадион құрылысына бөлінген бюджет өзгеріссіз қалғанын - 16,7 миллиард теңге екенін мәлімдеді. Сондай-ақ аренаның жоспарлы сыйымдылығы да бұрынғыдай - 3,6 мың адам.

Сурет: TengriSport.kz / Антон Алексеев

Сурет: қайта жөндеуге дейін және қазіргі жағдай // TengriSport.kz

Мұңайтпасов атындағы стадион – тарих

Айта кетейік, Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадион - Қазақстандағы ең көне спорт нысандарының бірі. Ол 1936 жылы салынған және 12,5 мың адамға арналған еді.

Сурет: TengriNews.kz / Тұрар Қазанғапов

2024 жылдың ақпанында стадионды бұзу туралы шешім қабылданып, әкімдік оның орнына 4,5 мың адамдық жабық арена салынатынын хабарлады. Жарияланған сәттен бастап бір жыл ішінде орын саны 900 адамға қысқарды, ал құрылыстың құны керісінше - 17,3 миллиард теңгеден 16,7 миллиард теңгеге азайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети