2022 жылғы көктемгі әскерге шақыру науқаны алдында жастардың әлеуметтік, психологиялық, денсаулық жағдайы қарастырылып жатыр. Бұл қатарға 18-27 жас аралығындағы азаматтар жатады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
2022 жылғы көктемгі әскерге шақыру науқаны алдында жастардың әлеуметтік, психологиялық, денсаулық жағдайы қарастырылып жатыр. Бұл қатарға 18-27 жас аралығындағы азаматтар жатады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Жеке істерді зерделеу кезінде әскерге шақырылушылардың сауалнама деректері нақтыланады, әрбір адаммен, оның ата-анасымен әңгімелеседі. Әскерге шақырылушылардың мамандықтары міндетті түрде ескеріледі, сондай-ақ, олардың моральдық және іскерлік қасиеттері, денсаулық жағдайы, дене бітімі, жалпы білімі, арнайы даярлығы және отбасылық жағдайы туралы ақпарат қаралады.
Әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылған, тергеуде жүрген, заңсыз қоғамдық бірлестіктердің немесе дәстүрлі емес діни ағымдардың мүшелері ретінде арнайы есепте тұрған адамдарға ерекше назар аударылады.
Алдын ала қарастыру жұмыстары әскердің қандай да бір түрлерінде қызмет етуге дайын жастардың сапалық құрамын анықтауға мүмкіндік береді. Денсаулық жағдайы бойынша шақыртудан босату жағдайлары тексеріледі.
"Күн сайын жергілікті әскери басқару органдарының шақыру пункттеріне 800-900-ге жуық адам келеді. Әскерге шақырылатын жастағы 90 мыңнан аса адам қаралады", - деді Қарулы Күштер бас штабының Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы департаменті бастығының орынбасары полковник Аян Еслямов.
Жергілікті әскери басқару органдары Қарулы Күштерге, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне, Мемлекеттік күзет қызметіне және Ұлттық ұланға шақырту бойынша жұмыс істейді. Биыл 17 000-ға жуық адам көктемде әскерге шақырылады, олардың 6500-ден астамы Қарулы Күштердің бөлімдері мен бөлімшелерінде қызмет етеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!