25 тамыз 2014 | 20:51

1783 жылы құрастырылған пулемет көрмеге қойылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет 24.kz сайтынан алынды Сурет 24.kz сайтынан алынды

Петропавл қаласында бірінші дүниежүзілік соғыстың басталғанына жүз жыл толуына орай көрме ұйымдастырылып, ол көрмеге 1783 жылы құрастырылған пулемет қойылды, - деп хабарлайды, - Тengrinews.kz 24.kz арнасына сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Петропавл қаласында бірінші дүниежүзілік соғыстың басталғанына жүз жыл толуына орай көрме ұйымдастырылып, ол көрмеге 1783 жылы құрастырылған пулемет қойылды, - деп хабарлайды, - Тengrinews.kz 24.kz арнасына сілтеме жасап. 

Мұражай қызметкерлері жәдігер айтарлықтай көп емес екенін, алайда осының өзін жинау оңай болмағанын айтады. "Бұл соғыс туралы көп жыл бойы ашық айтылмады, зерттеу жұмыстары да жеткіліксіз болды. Соғысқа 38 мемлекеттен 70 млн. адам қатысты. Олардың ішінде солтүтікқазақстандықтар да болды. Қанша адамның майданға аттанғанын ешкім айта алмайды. Нақты мәлімет жоқ", - дейді ұйымдастырушылар.

Бірінші дүниежүзілік соғысқа солтүстіктен қатысқан тек 100 адамның аты-жөні белгілі екен. Көрмеге солардың ұрпақтары белсене атсалысқан. Олар суреттер, қару-жарақтар мен жауынгерлердің жеке заттарын әкеліп берген. Мәселен, Петропавлдың бір коллекционері әйгілі Максим пулеметін көрмеге әкепті. Бұл пулеметті 1783 жылы Хайрем Максим деген құрастырушы жинаған екен. Бұл қару ҰОС-ға дейін пайдаланылып келген. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети