18 ақпан 2014 | 10:49

18-20 ақпан күндері елімізде күн жылы болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©Нұрғиса Елеубеков Фото ©Нұрғиса Елеубеков

Қазақстанда 18-20 ақпан күндері жылы ауа райы қалыптасады деп хабарлайды Tengrinews.kz "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап. Метеорологтердің мәліметінше, Қазақстан аумағында суық ауа райын ұстап тұрған қуатты антициклон бұзылып, Моңғолия аумағына қарай жылжи бастады. "Оның орнына Ресейдің Еуропа аумағынан Атлантика үстінде қалыптасқан циклон жылжып барады. Республиканың барлық дерлік аумағында қар, кей жерлерде бұрқасын болады, батыстан 15-20 м/с жел соғады, көптен күткен құбылыс - ауа температурасы жоғарылайды", - делінген хабарламада. Мамандардың мәліметінше, 20 ақпанға қарай солтүстік облыстардың өзінде ауа температурасы түнде 5-15 градус, оңтүстік, батыс облыстарда 0-10 градусқа жоғарылайды. Бұл қалыпты мөлшерден 3-8 градусқа жоғары. 18 ақпанда еліміздің көп бөлігінде қар жауып, жел күшейеді, тұман түседі, көктайғақ болады. Шығыста және оңтүстік-шығыста бұлтсыз ауа райы болады деген болжам бар. Еске сала кетейік, аязды күндер еліміздің біраз аймағында мектеп оқушыларының сабағын кейінге қалдыруға себеп болған еді. Астанада 5 желтоқсан мен 1 ақпан аралығында оқушылар 23 күн бойы сабаққа бармады.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети